Суреттері бар кітапты оқыған кезде атын атап, суретті нұсқасаңыз, бала сөз бен суреттің өзара байланысын ұғады. Сондай-ақ, кітаптағы әрбір кейіпкердің дауысын, қимыл-әрекетін көрсетіп отырып оқыту керек. Мәселен, қасқырдың қалай ұлитынын, иттің қалай үретінін, түлкінің қулығын сомдасаңыз, бала ойына сөздер мен жануарлар қатар елестейді. Баланы кітап оқуға мәжбүрлемей, керісінше, қызықтыра білу керек.





