Бұл үшін біздің мектепте барлық жағдай жасалған!
Кітапханашы Б. К. Абильдина мен сынып жетекшісі М.Б. Досанова 4 - В сынып оқушыларымен бірлесіп "Құстарды қыста тамақтандырыңыз"атты сынып сағатын өткізді. Ботагоз Хызырбековна балаларға жазушылардың құстардың өмірі мен әдеттері туралы қызықты әңгімелерін таңдап берді. Ата-аналар балалармен бірге үйде қыстайтын құстарға арналған жем салғыштар жасады. Балалар мұғаліммен бірге мектеп ауласында жем салғыштарды іліп, тұқым салды. Енді жем салғыштардың бос болмауын қадағалайтын болады.
Табиғатты сүю-Отанды сүю!
https://www.41-ns.edu.kz/kz/kitapkhana/712-balalar-a-tabi-at-turaly-kitap-o-u-a-degen-s-jispenshilikti-alaj-oyatu-a-bolady.html#sigProId045a96081e





